- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бір ғасырдан кейін...
Бір ғасырдан кейін қатқан Ниагара сарқырамасы
Қаңтар айының басында Америка Құрама Штаттарын жалмаған әдеттен тыс аяз Канада мен АҚШ шекарасында орналасқан атақты Ниагара сарқырмасының қатып қалуына әкеліп соқтырды. Аяз күшінің жоғарылығы соншалықты, сарқырама қарапайым сүңгінің кебін киіп жатыр.
Сарқырама соңғы 100 жылдан бері алғаш рет осындай жағдайға тап болып отыр.
АҚШ-қа жолы түскен туристер қауымы су тасқынының жер түбіне жетпей жатып мұз сеңіне айналып жатқандығын өз көздерімен көре алады. Ал Ниагара өзені 40 градустан түспеген аяздың әсерінен шағын ғана жылғаға айналды.
Бұған дейін Ниагара сарқырамасындағы осындай мұз қату 1848 және 1912 жылдары тіркелген екен.
Қаңтар айының басындағы қақаған аяз АҚШ-тың орталық және шығыс аудандарына шамамен 5 миллион доллар көлемінде шығын әкеліп отыр.
Сарапшылар қауымының айтуынша, суық америкалық экономиканың өсуін баяулатпайды, бірақ, шығынның орнын жабу үшін көп күш салу керек. Керек десеңіз, 2010 жылы орын алған осындай ауа-райы АҚШ-тың экономикасына 25-30 миллиард долларға дейін шығын әкелген екен.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com