"Бояулармен өмір сүр"

"Бояулармен өмір сүр"

"Бояулармен өмір сүр" ("Живи в цвете") деген ұранды асқақтатқан Бүкіләлемдік Венециялық карнавал өз мәресіне жетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүз мыңдаған турист су үстіндегі тамаша отшашудың куәгері атанды. Екі аптаға созылған мерекені қимастықпен қалдырған қонақтар тәтті естеліктерін айтып тауыса алмай жүргендігіне сенімдіміз.

Венециялық карнавал - планетамыздағы ең романтикалық думан саналады. Сиқырлы сезімге толы кештер мен ойын-сауық салтанат құрған күндерге толы карнавалды армандамайтын жандар ортамызда жоқ болар...

Ең бастысы - бұл кештің жарлы мен байды, сұрықсыз бен сұлуды теңестіретін құдіреті бар. Өйткені, бұл күні елдің бәрі арнайы маскамен жүреді. Және не қалайды, ойларына не келеді, ешқандай шектеусіз бәрін де жүзеге асырады.

Карнавал туралы қызықты деректер:

  • 1998 жылы теңіз қарақшылары ұрлап алған қыздар венециялықтарға қайтарылады. Карнавалдың пайда болуына осы оқиға себеп болған.
  • "Карнавал" сөзі латын тілінен аударғанда "қош бол, ет" деген мағынаны білдіреді. Итальянша "carnis laxatio» немесе «carnasciale» деп дыбысталады.

  • Карнавал ақпан айының басында басталып, екі аптаға жуық уақытқа созылады. Мерекенің аты жыл сайын өзгеріп тұрады. 2012 жылғы карнавалдың аты - "Өмір - бұл театр" болса, биылғы жылы - "Бояулармен өмір сүр" атауын иемденді.
  • 1996 жылы Пьер Карден Венециялық карнавалға арнап әнұран жазып шықты.
  • Карнавал басталған күні қоңырау қағылады да, артынан арқанға байланған Коломбина есімді көгершін-қыз ұшады. Ол ұшып жүріп жиналған қауымға гүлдер мен тәтті кәмпиттерді шашады.
  • Ең идеалды маска - "баута" деп аталады. Масканың төменгі бөлігі адамның жеп-ішуіне ыңғайлы етіп жасалған.

  • Ал екінші бір танымал маска - "коломбина" деп аталады. Ол өте сұлу актрисалар мен бойжеткендерге арналған. Яғни, маска бетті толықтай жаппайды.
  • "Моретта" деп аталатын масканың ешбір жері ашық емес. Оны кигендер жеп-ішпек түгілі, сөйлей де алмайды.


Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева