- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бояуды қажет етпейтін...
Бояуды қажет етпейтін суретші
Суретші Виктор Нуньес (Victor Nunes) әр нәрседен сурет көре алады. Ол кез келген қарапайым затты өнер туындысына айналдырып, жаңашыл ізденіспен көзге түсіп келеді. Яғни, күнделікті тұтынатын заттарды өз суреттеріне пайдаланып, ешқандай бояудың көмегінсіз қызық туындыларды дүниеге әкеледі.
Мысалы, қайшы, поп-корн, сабын, грек жаңғағы сияқты заттар мен тағамдарды суреттеріндегі негізгі детальге икемдейді. Ол әуелі қарындашпен қиялдағы бейнені параққа түсіріп алады, содан соң "көңіліне ұнаған затты" (суретіне орай) қажетіне пайдаланады. Оның суреттеріне қарап отырып, ол қолданған әр затқа басқа көзқарас туындары анық. Өйткені ол біз байқай бермейтін нәрселерден "жанды" дүние жасап шығарады. Қызық суреттер күлкі шақырып, жағымды әсерге бөлейді. Суретшінің ұшқыр қиялы мен ерекшелікке ұмтылысы көңіл қуантады.
Н. Айдархан