«Ботин» (Sobrino de Botin) мейрамханасы «Гиннесс рекордтар кітабына» ең көне мейрамхана ретінде тіркелген. Мейрамхана 1725 жылы Мадрид қаласында қонақ үйдің бірінші қабатында ашылған. Оны ерлі-зайыпты Ботин отбасы қонақ үйлерінің бірінші қабатына асхана ретінде салған болатын.
XVIII ғасырда Испания елінде ет, вино және тағам өнімдерін қоғамдық тамақтану орындарында сатуға тыйым салғаны тарихтан белгілі. Сол себепті «Ботин» мейрамханасы келушілер өзімен бірге алып келген азық-түлікті әзірлеумен айналысқан.
Тап осы уақыт аралығында 1765 жыл Ботин мейрамханасында атақты суретші Франсиско Гой ыдыс-аяқ жуушы болып жұмыс істеген. Бұл кезде суретші "Сан-Фернандо көркем өнері корольдік академиясына" қабылдау шешімін күтіп жүрген болатын.
XIX ғасырда Ботин отбасының кәсіпті ары қарай жалғастыратын тікелей ұрпағы болмағандықтан, Кандидо Ремис мейрамханасын басшылық еткен немере інісі бар ауыртпалықты өз мойнына алады. Сондықтан мейрамхана атауы испан тілінде «Ботиннің немере інісі» деген мағына береді. Бір кездері Ботин мейрамханасын таварна, яғни ішімдік саудалайтын орын деп атаған. Ол уақытта мейрамхана деп тұғыры биік мекемелерді ғана атаған.
XX ғасырдың басында «Ботин» мейрамханасына Гонсалес жанұясы қожайын болды. Қазірде оның ұрпақтары осы мейрамхананың көркеюімен айналысуда. Бұл кезде қонақ үйдің екінші қабаты жанұяға жатар орын мен қойма қызметін атқарса, бірінші қабаттағы мейрамхана жұмыс орны болды. Ол кезде мұнда Гонсалестің әйелі мен үш баласын қоса есептегенде 7 адам жұмыс істеген.
1936-1939 жылы Испанияда азамат соғысы болды. Гонсалестің бәйбішесі барлығы тыныштала тұрғанша өз балаларымен бірге Сегорб ауылына туысқандарына кетіп қалады. Ал Эмилио Гонсалес болса, мейрамхана мен үйлеріне бас-көз болу үшін жұмысын ары қарай жалғастыра береді. Азамат соғысы кезінде мейрамхана әскерге асхана қызметін атқарған.
Испания азамат соғысы аяқталғаннан кейін Гонсалес отбасы қайта дәуірлейді. Осы күндері мейрамхана төрт қабаттан тұрады. Бірақ мейрамхана ешқашан өзінің алғашқы кейпінен айырылмаған.
Айта кететін жайт, кей бейресми деректер әлемдегі ең көне мейрамхана деп Ma Yu Ching’s Bucket Chicken House Қытай мейрамханасын айтады. Ол 1153 жылы салынғанға ұқсайды.
Оқи отырыңыз:
Елден ерекше қонақ үй
Дубайда 7D-аттракционы ашылды
Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы туралы
Әлемдегі ең ерекше сарқырамаға көз салыңыз
Сурет: www.theaustralian.com.au