Көп жағдайда лимонад немесе судың бөтелкесін ашу үшін ашқыш құрал іздеп, қиналып жатамыз. Осындай жағдайда не істеуге болады? Төмендегі видеода бөтелкені ашудың қарапайым әрі оңай әдісі көрсетілген.
Ол үшін бізге қағаз немесе газеттің парағы керек. Қағазды бірнеше рет орап, оның қатты жағымен бөтелке қақпағының астын көтеріп жіберсек, жеткілікті. Толығырақ төмендегі видеодан көріп, бағасын беріңіздер!
сурет: youtube.com