- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Болашақта ел басқаратын...
Болашақта ел басқаратын 8 жеткіншек
Әлемді басқару, әрине, мүмкін емес нәрсе. Бірақ өз әлемдерін, өз елдерін басқаруға қауқары бар, құқығы бар жеткіншектер арамызда өсіп келеді. Олар ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы ханзадалар мен ханшайымдар. Сіздерге келешекте таққа келетін сегіз жеткіншек туралы ақпарат береміз.
Жак Оноре Ренье, Монаконың ханзадасы (2 жаста)
Екі жастағы ханзаданың атағы сізді бей-жай қалдырмауы керек. Ол – Монаконың тақ мұрагері, ханзадасы. 2014 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Өзінің қарындасы Габриэлодан екі минут бұрын ерте туған баланың тақ мұрагері болуға құқығы мол.
Джордж, Кембридж ханзадасы (3 жаста)
Джордждың толық аты – «Мәртебелі Кембридж ханзадасы Джордж». Ол тақ мұрагері ретінде үшінші ұрпақ болып сақталып отыр. Оған дейін атасы ханзада Чарльз, одан соң әкесі ханзада Уильям. Ең соңғы болып таққа келуге құқылы енді Уильмяның – ұлы ханзада Джордж.
Эстель, Швеция ханшайымы (4 жаста)
Толық атауы – «Мәртебелі Эстель Сильвия Ева Мэри, герцогин Эстергетланд». Ол ханзада Даниэля мен ханшайым тағының иесі Викторияның қызы. Эстель Швеция тарихындағы ең бірінші тақ мұрагерлігіне құқы бар ханшайым.
Кристиан, Данияның ханзадасы (11 жаста)
2005 жылы дүниеге келген Кристиан тақ мұрагері ретінде елдің есінде қалады. Ол Данияның алдағы жалғасатын ғұмырының тағыдырын шешуші келесі билік басшысы болады.
Леонор, Астури ханшайымы (11 жаста)
Леонордың таққа иелік етуге толыққанды мүмкіндігі және заңды құқы бар. Тек арада інісі дүниеге келген жағдайда ғана бұл заң күшін жоймақ. Ол Фелипе және Летисия патшалығындағы тұңғыш ханшайым болады.
Ингрид Александра, Норвегияның ханшайымы (12 жаста)
Ханшайым әлі өз тағына отырмаса да ендігі көптеген істің басында жүр. 2016 жылы алғаш рет Лиллехаммердегі ІІ жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиаданың алауын жақты. Ал өзінің ең алғашқы ел алдындағы баяндамасын 6 жасында жасаған. Тек ханшайымды ата-анасы қарапайым қыз ретінде тәрбиелейді. Ел қатарлы орта мектепке барады.
Катарина – Амалия, Нидерландының ханшайымы (14 жаста)
Виллем Александрдың ең үлкен қызы. Анасы – Максим. Оның таққа келуіне ешкім шүбә келтірмейді. Тіпті бектіліп те қойған.
Елизавета, Бельгия ханшайымы (15 жаста)
Бельгия заңы бойынша таққа патша мен патшайымның тұңғышы келуі керек. Осы заң негізінде елдің патшасы Филлип пен ханшайым Матильданың қызы Елизавета тұңғыш перзент ретінде таққа келеді.
М. Ақан