«Өмір бір айналдырса шыр айналдырады» демекші, тағдыр тауқыметін көрген адамның жай-күйі белгілі. Бүкіл әлем оған қарсы шығып тұрғандай. Қол қусырып отырғаннан не пайда? Оның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын жақын адамы жоқ. Алайда адамдар ағысқа қарсы жүз демей ме? Өмір өзенінің ағыс екпіні кім-кімге де оңай соқпасы анық. Көбісі сол ағысқа қарсы жүзу қиын деп түсінеді. Сондықтан да еш қарсылықсыз адам атаулының көбісі сол ағыспен жүзеді. Өмір - өзенге қарсы жүзу емес, тек ағыстың дегеніне көнбей, жүзу бағытын өзі қалыптастыратынын түсіну. Басқа төнген қаралы күндер өмір бақи тұрмайды, алма кезек зулай жөнеледі. Арпалысқа түскен адам өмірде қайтсе де өз дегеніне жетпей тынбайды. Ал оған әлсіздік танытқан пенде қураған жапырақтай ізсіз ғайып болады.
Бұл кейіпкерді Париж қаласының тұрғыны деуге келе ме, жоқ па белгісіз. Себебі, ол - бейшара күн кешіп жүрген қала қаңғыбастарының бірі. Оның есімі – Жак. Жак бала кезінен спортпен шұғылданады. Ол тіпті егде жаста далада қалса да, бұл ісімен айналысуды еш тоқтатпаған. Оның осы спорт түріне деген қызығушылығының күштілігі соншалық, қайыр тілеуден түскен нәпақасының бәрін протейнге жұмсайды екен. Онымен қоймай, ол бодибилдерге сай диета ұстайды.