Белгісіз перғауынның қабірі табылды

Белгісіз перғауынның қабірі табылды

Америкалық археологтар Мысырдағы Абидос жерін қазу кезінде б.з.д 1650 жылға дейін Өтпелі кезеңде ел басқарған бұрын-соңды белгісіз болып келген перғауынның қабірін тауып алды. Бұл олжа Себекхотеп перғауынының (б.з.д 1780 жыл) салмағы 60 тонна тартатын тас табыты ашылғаннан кейін табылып отыр. Белгісіз перғауынның қабірі Себекхотеп (13-ші әулеттің тұңғыш перғауыны) перғауынының мазары жанынан кездейсоқ табылған екен.

Пенсильвания университетінің зерттеушілері анықтағандай, аталған тас табыт Уосерибр Сенебкаяға (Woseribre Senebkay) тиесілі болуы ықтимал. Ол Абидос әулетіне жататын, осыған дейін көп зерттелмеген перғауынның бірі саналады. Жалпы бұл әулеттің тарихтағы болғандығын тұңғыш рет Копенгаген университетінің профессоры Ким Райхольт 1997 жылы айтқан еді.

1

2

Сенебкая табыты төрт негізгі және ізбес материалынан соғылған қоймалық камерадан тұрады. Оның қабырғалары Нут, Нефтида, Селкет және Исида құдайларының бейнесімен безендірілген. Өкінішке орай, жерленген перғауынның қабірі көпшілігі сияқты орта немесе б.з.д уақытта тоналған болып шықты. Олардың қолынан перғауын мумиясына да айтарлықтай зиян келген. Десек те археологтардың Сенебкаяның маскасы мен кейбір дене қалдықтарын тапқаны белгілі болды. Кейін ДНҚ сараптамасы зерттеушілерді мынадай тоқтамға алып келді: Перғауынның бойы 1,75 метр болған және 45-50 жас аралығында өмірден озған.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Sci-News

Б. Қосмағамбет