- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Байлық - тәтті...
Байлық - тәтті ұйқының кепілі екен
Британияда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей, дәулетті адамдардың ұйқысы тәтті болады екен. Анықталғандай жақсы жалақы - түнгі ұйқының жақсы болуының ең басты факторы екен.
Сауалнамаға жауап берген 5 мың адамның жылдық жалақысы - 75 мың фунт болатын адамдардың 83 пайызы жақсы ұйықтайды екен және ешқашан ұйқысыздық құралдарын қолданбаған болып шықты.
Сонымен қатар, жақсы жалақыға ие адамдар жұбымен ұйықтайды-мыс.
Өз кезегінде жұмыссыз жүрген адамдар әрдайым жөнді ұйықтай алмайды екен. Бұған қоса, The Sleep Council ақпаратына сәйкес, олар көбіне жалғыз ұйықтайтын көрінеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: bankoboev.ru
Ж. FM