Көктемде Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз МС-08 зымыранымен ұшқан Ресей ғарышкері Олег Артемьев пен NASAғарышкерлері Дрю Фюель және Рики Арнольд арадан 161 күн өткеннен кейін яғни 4 қазан күні, қайтадан Жерге оралады. Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған қаласы маңына қонады деп жоспарланған. 21 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан Союз-МС-08 зымыраны екі күндік сапардан кейін ғарыштық зерттеулерді бастаған. Ресей ғарышкері Олег Артемьев, АҚШ ғарыш және авиация агенттігінің (NASA) ғарышкерлері Дрю Фюель мен Рики Арнольд бортында болған Союз МС-08 ғарыштық аппараты Ресей, АҚШ, Жапония, Еуропа және Канада елдерінің жалпы жобасы болатын Халықаралық ғарыш станциясына сәтті жетіп, осы уақытқа дейін ғылыми зерттеулер жүргізген. 3 ұшқышты тасымалдайтын Союз МС-08 4 қазанда Қазақстанға келуі тиіс. Осы мақсатта орыс әскері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 180 адамнан тұратын топ құрды. Бұдан басқа, Қазақстанға 12 Ми-8 тікұшағы, 3 Ан-12 іздестіру-құтқару ұшағы, 1 Ан-26 ұшағы және жер үсті көліктері мен жабдықтары жіберілді. 4 қазанда қауіпті қонудың алдын алу шаралары күшейтілді және елімізде құтқару алдындағы дайындық істері аяқталды.