"Майк" атты қораз бір жылдан астам уақыт бойы бассыз өмір сүрген екен. 1945 жылы Олсон есімді фермер ас дайындау үшін қораздың басын шабады. Ал қораз болса, еш нәрсе болмағандай кейіп танытып, жүріп кете берген. Қораздың мойнында ми сүйегінің жарты бөлігі мен бір құлағы аман қалады. Фермер қораздың біраз уақытқа дейін өлмей жүргенін көріп, оны өз қамқорлығына алуды жөн санайды.
Қораздың иесі Майкті тамшуырмен сүт және бидай өнімімен тамақтандырады. Мұндай ақпарат Америка еліне лезде тарап, кейіннен ресми түрде расталады. Көп адам өз тауығына тәжірибе жүзінде қайталап көреді. Алайда ешбір тауық бір-екі күннен артық өмір сүрмеген екен.
Оқи отырыңыз:
Қара түсті айсберг
Айға зат таситын пошта қызметі ашылды
Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар
Джеки Чанның операторы суға құлап қаза тапты
Сурет: byaki.net