1912 жылы Атлант мұхитына батып кеткен, 1496 адамның өліміне себепші болған Титаниккемесінің кейбір қалдықтары аукционға қойылатыны мәлім болды. Англияның Henry Aldridge Son аукцион орталығындағы келесі аптадағы бәссаудаға қойылатын заттар арасында мәзір, пошта маркалары, кеме тарихынан хабар беретін суреттер бар. Бұлардың арасындағы адамның назарын бірден өзіне тартатын нәрсе Томас Мудтың Титаник әсем кеме, оның жүрісін байқау қиын деп жазылған пошта парақтары болып тұр. Бәссаудадағы заттар арасынан Титаник мәзірінің бағасы жоғары болады деп күтілуде.