Қағаз шығарушы G.F.Smith компаниясы мен Made Thought дизайн-агенттігі онлайн дауыс беру арқылы барша интернет қолданушыларының сүйікті түсін анықтады. Аталған сауалнамада жасыл-көк түсті таңдағандар саны қалған түсті белгілегендерге қарағанда әлдеқайда көп болды.
Жасыл-көк түс Marrs Green деген атқа ие болған. Атауды да сол сауалнамаға қатысқан Анни Маррс есімді дизайнер таңдаған. Маррс ханымның айтуынша, көпшілік таңдаған түс оған өзінің туып-өскен жері Шотландияны еске салады екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бояу шығаратын PPG компаниясы алдағы жылы сәнге енетін түсті анықтаған еді. Олар қара түстің «black flame» аталатын көмір мен асфальт секілді индиго реңін ұсынған болатын.