Банк тонау үшін де ағылшын тілі керек

Банк тонау үшін де ағылшын тілі керек

АҚШ елінде ағылшын тілін білмесеңіз бірер іс бітіре алуыңыз оңайға соқпайды. Тіпті банк те тонай алмайсыз!

1 сәуір күні бір тонаушы АҚШ астанасы Вашингтон қаласында бір күнде екі рет банк тонау барысында сәтсіздікке жолығып, қолға түскен. Сәтсіздігінің бар себебі ағылшын тілін білмегендігінде. Мүмкін тілдік кедергіден сүрінбегенде, «бағы жанып» кетер ме еді, кім білсін?!

АҚШ федерациялық тексеру орталығының сөзіне сүйенсек, ол бірінші банкты тонамақ болғанда ағылшын тілін білмегендіктен бар мақсатын қағазға жазып, банк қызметкерінің қолына ұстатқан. Сондағысы «Ақшаны дереу қолыма сал! Әйтпесе жанымда жарылғыш зат бар» дегені болса керек. Ал банк қызметкері оның жазуын да түсінбеген. Сонымен екінші банкке аттанған. Алайда мұнда да банк қызметкері алдыңғыға ұқсас мәміле жасаған. Тек, аздан соң ғана оның қалыпсыз пиғылын байқаған банк қызметкері жасырын сигнал арқылы полицияға хабарлаған.

Жалма-жан қашып шыққан қылмыскерді құқық қорғау органдары банкке іргелес көшенің бойынан қолға түсіріпті.

Дайындаған: Алшын Матай

 

 

Сурет: deccanchronicle.com

Қ. Қауымбек