Дүниежүзінде халық саны көп, өте тығыз орналасқан елдердің бірі — Бангладеш. Мұнда жердің әрбір шаршы метрі есептеулі. Сол себептен қарапайым халық бұл жағдайдан шығу үшін түрлі-амал тәсілдерге барады.
Бангладеш астанасы Дакка қаласының тұрғыны Азадүр-Рахман көп қабатты үйде төрт түлік мал ұстап, жан бағады. Ол үйдің жоғарғы қабатына қора салып, мал асырай бастаған. Оның мүйізді ірі қара малды жоғарғы қабатқа қалай шығарғаны белгісіз. Бірақ оный айтуынша, ол осылайша бір отбасын асырап отса керек.