- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Балықтар туралы қызықты...
Балықтар туралы қызықты деректер
Табиғаттағы әр жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі, ешкімге ұқсамас даралығы бар. Балықтар осыдан 450 миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде 250 мыңға жуық балық бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын қоссаңыз балықтардың санына жетпейді екен.
Әлемдегі ең үлкен балық – кит акуласы. Оның ұзындығы 20 метр, салмағы 34 тоннаға тең. Барлық акула секілді акуланың қаңқасы тұтастай шеміршектен тұрады. Алып акуланың 4 мыға жуық тісі болады.
Балықтар да адамдар секілді, құстар секілді ауруды сезіне алады.
Ең жылдам балық – қылыш-балық. Оның жылдамдығы – сағатына 130-140 км.
Теңіз атбалықтары басқа балықтардан көлденең жүзетіндігімен ерекшеленеді. Олар өте жай жүзеді. Шамамен есептегенде 1 сағатта 1,5 метрге ғана жылжиды екен.
Қорқынышты әрі тұңғиық тереңде жүзетін балықтар ешқашан жарықты көрмейді. Олар әлемдегі ең терең Мариана шұңғымасында тіршілік етеді.
Жапонияда фугу балығы ерекше, алайда өте қауіпті тағам боп есептеледі. Ол өлім тудыратын тетродоксин уын бөледі. Соған қарамастан фугу өте дәмді тағам. Балықтың дәмділігі сонша, оны жапон аспаздары тәуекелге бел буып, дайындайды. Жапон аспазы мұндай тағамды дайындау үшін улы балықтардан тағам дайындау мектебінен сабақ алып, арнайы сертификат иеленуі қажет.
Судың ластануынан балықтар жынысын ауыстыруы мүмкін. Мәселен, жергілікті британдық суда жүзетін балықтар суға кәріз жүйесінің төгілуінен жынысын ауыстырған.
Ж. Жұмағұлов