Балықтардың есте сақтау қабілеті небәрі 10 секунд қана дейтін дерек осыдан бірнеше жыл бұрын жоққа шығарылған еді. Ал жақында ихтиолог мамандар балықтардың тіпті адамның түрін де ажырата алатын қабілеті барын зерттеп шықты.
Австралиялық ғалымдар балықтың барлық түрі адамның түр-әлпетін ажырата алатынына сенімді емес. Десе де зерттеу барысында тәжірибеге алған бүрікпебалықтың осындай қабілетін барын дәлелдеп отыр.
- Барлық балықтар адамның келбетін ажырата алады деп айта алмаймыз. Дегенмен көпшілігі мұндай қабілетке ие. Барлық балықтарды зерттеу үшін ұзақ уақыт пен қомақты қаржы қажет. Ал біз тәжірибе жасаған бүрікпебалық адамдардың түрін ажырата алады, - деді зерттеушілер.
Аквариумдағы бүрікпебалықтар қоректендіретін адамды көргенде белсенділігі артады. Осыдан келіп зерттеушілер "олардың адамды тани алатынын айқын аңғаруға болады" деген тұжырымға келіп отыр.