Балшық адамдар

Балшық адамдар
Фото: taringa.net

Қытай елінің Хебей провинциясы Таншань қаласында кімді де болсын таң қалдыратын ерекше саябақ - саздан жасалынған мүсіндер саябағы орналасқан. Бұл саябақ бірегей болып саналады, себебі әлем бойынша, оның баламасы жоқ. Оның бірегейлігі мынада: саябақ ішіне саздан жасалынған көптеген мүсіндер орнатылған (бірнеше мың). 

Саябақ 18 000 мың шаршы метр жерді алып жатыр және барлық фигуралар (адамар да, аттар да немесе ғимараттар да) саздан жасалған. Осындай ерекше жобаның авторы - қазіргі заманның өте дарынды мүсіншісі Цинь Шипина. Жұмыс 2008 жылы басталған және сазды мүсіндерді 3-ақ адам жасаған. Сонымен қатар жобаны қаржыландырған да автордың өзі. 

Циньге мұндай идея 2005 жылы келген екен, алайда жоспарды іске асыру мүмкіндігі тек 2008 жылы келген. Саябақты ашу күнін Цинмин фестивалі қарсаңына қойған. Идея авторы енді келушілердің арқасында барлық шығындарының орнын толтыруды көздейді. Осындай ерекше саябақты тамашалауға күн сайын мыңдаған адам ағылып келіп жатады. Келушілерге көше бойымен, сазды фигура арасымен қатынау мүмкіндігі берілген. 

Ж. FM