Әкелер күнделікті жұмыстан босамай, аналар үй шаруасынан қолдары тимей, өз балаларына уақыт бөле алмай жатады. Ал бұндай кезде, балалар ата-анасының жылуына, еркелетуіне зәру. «Айналайын» деген жылы сөздің өзі неге тұрады десеңізші?!
Балалар өздерінің сүйікті болғандарын, оған үлкендердің назар аударғанын, оны тыңдағанын қалайды, осыдан баланың қоғамдағы тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Әр ата-ана баласын бір кезек қолдап отыратынын, жақсы көретінін айтып, жылы сөздермен жанын жадыратып отырса, келешекте ұяда көргенін жасайды. Ал мына кішкентай бала анасының мектептегі қойылымына келгенін қатты қалайды. Алайда, ол осындай қадамға бармаса, анасы бітпейтін үйдің тірліктерімен баласының қойылымын ұмытып кетер еді... Сізге ой салары анық!
Оқи отырыңыздар:
1. Аналарымен әлемге танылған балалар
2. Суреттер сөйлейді. Армандар орындалады...
3. Бақытты отбасының құпиясы
4. Ата-ана мен баланың бір-бірін кешіре білуі - ғанибет
Сурет: img.ibxk.com.br