Бала асырап алған жұлдыздар

Қазіргі таңда балалар үйіндегі бүлдіршіндердің саны күн санап көбейіп келеді. Тіпті перзентханадан шыға салысымен сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен безбүйрек аналарды да көзіміз көріп жүр. Бала асырап алу - өмірдегі сауапты істердің ізгісі. Осы орайда жетім балаларды жылатпай, бауырына басқан бір топ шетелдік жұлдыздарды назарларыңызға ұсынамыз. 

Брэд Питт пен Анджелина Джоли

Танымал әртістер өздерінің үш баласынан бөлек, тағы да үш баланы бауырына басты. Олар Камбоджа, Вьетнам және Эфиопия елдерінің бүлдіршіндері. Анджелина Мэддокс атты үлкен ұлын Брэдпен кездеспей тұрып қамқорлығына алған. Жұлдызды жұп жақында екі жасар баланы асырап алды.  

Хью Джекман мен Деборра-Ли Фернесс

Хью Джекман мен Деборраның жанұясында Оскар және Ава атты екі асыранды бала бар. "Қандай жағдай болса да, бұлар менің балаларым", - дейді Джекман. 

Шарлиз Терон

Әртіс 2012 жылы Оңтүстік Африка Республикасынан бала асырап алды. Оның есімі - Джексон. Шарлиз ұлын ешқашан жалғыз қалдырмаған. Барлық түсірілімдерге, келіссөздерге, тіпті жаттығу залына да өзімен бірге алып жүреді. 

Мадонна

Мадонна өзінің бір қызы мен ұлынан кейін тағы екі баланы қамқорлығына алды. 2006 жылы бұрынғы күйеуі, режиссер Гай Ричимен Дэвид Банда деген ұлды асырап алса, 2007 жылы Мэрси Джеймс атты қызды бауырына басты. 

Том Круз бен Николь Кидман

Отау құрғандарына 10 жыл болғанда Том Круз бен Николь Кидман екі бірдей баланы асырап алады. Олар - Коннора мен Изабель.  

Михаил Барщевский

Михаил мен оның жары Ольга балалар үйінен екі жасар Максим және Даша атты егізді асырап алды. 

Светлана Сорокина

Ресейлік тележүргізуші Светлана Сорокина 2003 жылы 46 жасында Тони есімді қызды бауырына басты.