Үлкен қалаларда көлік қозғалысы көп болғандықтан, оның табиғатқа тигізіп жатқан кері әсері де бар. Сол себепті табиғатты көкке айналдыру, ағаш түбін көбейту барлық елдерде бірдей жүзеге асып жатқан іс. Алайда кейбір елдерде бұл үрдісті үйдің шатырына дейін көтеріп жіберген. Мұны бір жағынан сәулетшілер өзгелерден бөлектену үшін ерекшелік деп тапса, бір жағынан қаланың таза табиғаты үшін үлкен пайдалы іс деп отыр. Назарларыңызға әлем елдеріндегі қызықты, бақшалы шатырлы үйлер мен ғимараттар қатарын ұсынамыз.
Жапониядағы муми үйі
Ертегідегідей жасыл шатырлы бұл үй Токио саябағынан алыс емес. Мұнда кішкентайлар түгілі үлкендер де тұрғысы келеді.
Жапониядағы халықаралық зал
ACROS халықаралық залы — Фукуока қаласының орталығында орналасқан жасыл алқапты жер. 15 сатылы ғимараттың үстінде 35 мың өсімдігі бар бұл қаланы келген адам көрмей кетпейді.
Израилдағы қонақ үй
Ағаштармен безендірілген бұл қонақ үй адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Тіпті оңтүстіктің шыжыған күнінде ағаштың көлеңкелері сізге сая болады.
Торонто қаласындағы дүкен
Барлық құрылыстың технологиясы жасыл түске негізделген. Ал тіке алдыңыздағы дүкендер шатыры тіпті керемет. Оның үстіндегі гүлзарлар арасымен жүріп демала аласыз. Сонымен қатар ол жерден қала әдемі көрінеді.
Австриядағы қонақ үй
Бұл қонақ үйды сәулет өнерінің нағыз шебері австриялық Фриденсрайх Хундертвассер тұрғызған. Шатырдың төбесінде жасыл шөптер мен түрлі ағаштар бар.
Қытай аймағындағы үй
Жан-жағы жасыл желекке оранған бұл үйдің шатыры да жасыл шөптер мен қызыл гүлмен әдемі өрнектелген.
Канададағы көлікжай
Шағын ғана бақшаңыз болса, оның жолын табуға болады. Гүлдеріңізді көлікжайдың шатырына егіп, бақшаңызға ағаш отырғыза бересіз.
Кампус университеті
Кампус Наньян технологиялық университеті - Сингапурдағы ең үлкен және беделді университеттердің бірі. Төрт қабырға ішінде отырып шаршаған студент шатыр төбесіне шығып демала алады.
Чикаго үкімет басшысының ғимараты
Чикагодағы бұл Сити Холл ғимаратының шатырындағы көгалды қасынан жай өткен адам білмейді де. Мұны тек 33 метрден жоғары ғимараттарға шығып көре аласыз. Ғимараттың төбесінен жыл сайын 200 кг бал жинап алады.
Фарер аралындағы үй
Скандинавиядағы бұл шатырлар қазір ешкімді де қызықтырмайды. ХХ ғасырдың ортасында мұндай шатырлар ең көп таралған шатыр түрі болған. Бүгінде бұл шатырлар солтүстік тұрғындардың көзайымы ғана болып отыр.
Америкадағы швециялық мейрамхана
Бұл швециялық мейрамхананың иесі үйді тұрғызып қана қоймай, оның шатырына сауда белгісінің көзі болған ешкіні шығарып қойған.