- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- БАӘ. Адам мен...
БАӘ. Адам мен табиғаттың күресі
Біріккен Араб Әмірліктері – Дубай мен Абу-Дабиде ауа райы қаншалықты ыстық болса да, салқын сауда орындары және аспанмен таласқан құрылыс нысандары арқылы танымал. Австриялық фотосуретші Эйренис Херек құмда мәлім бір уақыт өткізіп, ол жердегі бейнелерді дронмен суретке түсірген. Суреттер таңғаларлық түрде шыққан.
БАӘ пейзажы табиғат пен адам күресінің жарқын мысалы. Бір кездері меңіреу жатқан шөл далалар тез арада абадтандырылып адам танымастай өзгертілген. Дубай 20 жыл ішінде ешбір айырмашылығы жоқ жай ғана порттан үлкен мегаполиске айнала алды. Бірақ, табиғаттың да өз жауабы бар екен. Фотосуретші, міне, сондай бейнелерді өз еңбегінде көрсетуге тырысқан. Оның дрон көмегімен түсірген суреттерінде құмның БАӘ-нің тұрар орындары мен жолдарын ақырын өз құшағына көміп бара жатқаны бейнеленген.
Т. Раушанұлы