National Geographic журналы нәзік жанды қауым үшін ең қауіпсіз, өмір сүруге қолайлы елдердің рейтингін жариялады. Қазақстан тізімде 43-орынға жайғасқан.
Тізімге барлығы 167 мемлекет енген. Рейтингте көш бастап тұрған – Норвегия Корольдігі. Екінші орында Швейцария, одан кейін Финляндия тұр. Үздік бестікке Дания және Исландия елдері де кірген.
Қазақстан тізімде Ямайка мен БАӘ елдерінің ортасында, 43-орынға табан тіреген.
Аталған рейтингте АҚШ 19-орынға, Ресей 51-орынға, Қырғызстан 80-орынға, Өзбекстан 89-орынға жайғасқан. Тізімнің бел ортасында, яғни 84-орында Венесуэла тұр. Сирия, Ауғанстан және Иемен мемлекеті рейтингтің ең соңынан көрінді.
Рейтинг негізгі үш көрсеткіш бойынша құрылған: қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге ілесу, қауіпсіздік және әділдік.