- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Әйел Тарзан" -...
"Әйел Тарзан" - Марина
Англияның әйгілі «Тарзан» фильмін жұрттың көбі әлі күнге дейін қызығып көреді. Алайда шынайы өмірде де маймылдар бағып ержеткізген әйел заты бар. Англияда шығатын «Күнделікті почта газетінің» интернеттегі электронды нұсқасында бұл жайлы егжей-тегжейлі баяндалыпты. Ол Ұлыбританияның бір ауылында қарапайым өмір сүріп жатқан әйел. Тіпті, балалы-шағалы ана.
Бала күнінде оның отбасын қаруланған жендеттер барымтаға түсірген. Ол оның төрт жасар кезі болатын. Ата-анасын өлтірген жендеттер, кішкене сәбиге қол жұмсаудан арланса керек, орман ішіне жалғыз қалдырып кете барыпты. Содан бері маймылдар тобының асырауында күн кешкен. Содан 1954 жылдан бастап, ол орман ішіндегі жабайы тұрмысын бастаған. Маймылдар әулетінің мүшесі болып қала берген. Солардың берген асын бөліп жеуден бөлек, маймылдардың өзара дыбыс арқылы пікір алмасуын да үйреніп алған. Оның айтуынша, олардың да өз тілі, өз заңы бар. "Бұл дүниеде оларды мендей түсіне алатын адам баласы жоқ" дейді ол. Арада бес жыл өтіп, тоғыз жасқа шыққан жылы әлдебір әскери топтың көзіне түсіп, құтқарылған. Құтқарылды дегенмен, оны шын мәнінде құтқарып алған маймылдар тобы да, ал олардан айрылғанда, екінші мәрте тұтқынға түскендей күй кешкен. Бүгінде өз отбасы болса да, сол бір маймылдар әулетімен әлі күнге дейін «хабарласып» тұрады.
Бүгінде алпыстан асқан Марина есімді бұл әйелдің өзі жазған естелік романы 30 наурыздан бастап «Жексенбілік почта газетінің» әр санында жарияланып отыр.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек