Аяқ киімнен жасалған ерекше мүсіндер

Аяқ киімнен жасалған ерекше мүсіндер
Фото: novate.ru

Әдетте аяқ киім кию үшін ғана жаралғандай көрінеді. Жыртылып, болмаса тозып кетсе лақтырудан басқа амал қалмайды. Бұл барлық адамның басына келетін ең бірінші ой. Бірақ, жарамсыз аяқ киімдерге өң беріп, оның кереметтігін қоғамдағы басқа жандарға көрсету мақсатында Гвен Мёрфи тамаша мүсіндер жасаған.  Тағы бір қызығы әрбір мүсін белгілі бір көрініске ие болып, аты да қойылған екен. Мүсінші, сонымен қатар, әрбір өнер туындысы арқылы қай уақытта адамның түрі қандай болатынын көрсете білген екен. Әртүрлі аяқ киімнің формасымен жасалған мүсіндерді тамашалаңыздар.

 Мұғалім. Ақылын айтып, білімін аямайтын ұстаздар қауымының түрі үнемі шаршаңқы көрінеді. Соны білген Гвен Мёрфи мынандай туынды жасаған екен.

Шаршаған жанның түрі. Бойынан күш кетіп, өзінің әлсіз екенін сезіне бастаған адам тез арада ұйықтауды ойлайды. Адамның ұйқысы келгенде алдымен есінейді. Сондай есінеген құбылысты есте сақтап, шаршаған адамның түрін осылай келістірген екен.


Үйде жалғыз қалған жанның түрі. Аяқ киімге зер салсаңыз, үлкен адамдікі екені бірден байқалады. Үйден көп шықпайтын жанның образын көрсету үшін, бар болғаны осы ойдың өзі жетіп жатыр. 

Жігерлі жанның түрі. Бойында өзгелерден ерекше күші бар адам бірден көпшілік көзіне түсері анық. Қызыл мокасинмен адам бойындағы бар эмоцияны көрсете білген мүсіншінің бұл туындысы өнерді бағалайтындар арасында ерекше құрметке ие.

Абориген. Ескі туфлиге өң беру мақсатында автор тарихқа біраз көз жүгіртіп, соңында осындай тың дүние жасауға шешім қабылдаған екен. 

Балерина. Арнайы балет биіне арналған аяқ киім нәзіктігі мен сүйкімділігі арқасында мүсіншіге аса қиындық туғызбағаны көрініп-ақ тұр. Есесіне, біткен жұмыс талайдың ыстық ықыласына ие. 

Аяқ киімдегі түр. Мистикалық түрге ие аяқ киім қорқынышты адамның бейнесін сомдады. 

Күлдіргі жанның (клоунның) түрі. "Көп күліп жүретін адамның тағдыры ауыр болады" деген рас-ау шамасы. Атақты Юрий Никулиннің өмірімен таныс болсаңыздар, мына аяқ киімнің дәл жасалғанына куә боласыздар.

Бақа аяқ киім. Мүсіншінің ең көп ойланып, ұзақ уақыт жұмсап тудырған ең қымбат дүниесі осы деуге де болады. 

Жыртқыш аяқ киім. Мүсіншінің туындылары арасындағы ең қорқынышты образды қызыл кеды өзіне алған екен. Азулы үшкір тістердің бейнесі, бір қараған жанға сесті көрінуі әбден мүмкін.  

B. ZHAQSYMBET