Ісік ауруын жеңіп шыққан жас қыз ұзақ уақыт бойы достары мен туыстарын таң қалдырып келген, ал енді интернеттің барлық қолданушыларын өзінің ерекше талантымен таныстыруға бел буыпты.
Джен О’ШИ оң аяғын еш қиналмай 180 градусқа айналдыра алады, нәтижесінде оның табаны төбеге қарайды. Дженнің таң қаларлық иілгіштігі операциядан кейін пайда болған.
Дженге «Юинг саркомасы» деген диагноз қойылғаннан кейін, 2011 жылы оның оң аяғына операция жасалды. Операция барысында хирургтар оң жақ жамбасын түгел алып тастаған және оның орнына протез де қоймаған көрінеді. Батыл қыз бірнеше айға жалғасқан физиотерапияның арқасында, қайтадан жүріп үйренді және аяғын 180 градусқа айналдыра алатынын байқаған. Басында Джен осы бір ерекшелік жайлы тіпті достарына айтуға ұялған екен. Алайда, қазір өзінің қабілетін барша жұртқа жария етіп отыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/Tis4AMEi064?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
13 мамыр күні YouTube-ке салған видеосында О’Ши «Тек сен үшін, Эллен, мен бәріне өзімнің шын мәнісінде қандай екенімді көрсетемін» дейді.
YouTube-та 200 000 көрілім жинап үлгерген видеоға жазылған пікірлерге Джен: « Өте көңілді болды. Басқаларды күлдірткенді кім ұнатпайды?» деп жауап жазыпты.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: fedpost.ru