Volkswagen атты әлемге танымал автомобиль концерндерінің базасында сәулет өнерінің тамаша туындысы – «автомобиль қалашығы» пайда болды.
Еңбекқор немістер әйнектен жасалған екі мұнарасы бар жер бетіндегі ең үлкен автомобиль тасымалдау орталығын тұрғызған. Зауыттан шыққан су жаңа «халықтық көліктер» бірден осы орталыққа әкелінеді.
Autostadt деп аталатын бұл орталықтың әр мұнарасының биіктігі – 60 м, онда 400-де астам көлік орналастырылған. Яғни, аз аумаққа көп мөлшерлі тауар сыйдыруға болатындығымен ұтымды.
Сатып алушылар әйнектен жасалған лифттермен жүріп таңдай алады. Лифт жиырмасыншы қабатқа көтерілгенде Вольфсбург қаласының әдемі көрінісіне куә боласыз. Ғимараттың ашылуынан кейін көлік сатылымы 37 %-ға жоғарылаған.
Суреттер:jennifer.livejournal,kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева