Автокөлік шинасын мұрнымен үрлейтін Ни Йонгбинг

63 жасар Ни Йонгбинг есімді ер адам ерекше қасиет иесі. Оның өкпесінің күштілігі соншалықты ол автомобиль шиналарын тек мұрнының көмегімен ғана оп-оңай үрлей алады. Қытайлық өзінің ерекше өнерін Қытайдың оңтүстік батысындағы Чэнду қаласында көпшілік алдында көрсетіп, жұртты қайран қалдырды. Ол жүк көлігінің төрт бірдей шинасын әрқайсысының үстіне бір адамнан тұрғызып қойып үрлеген.

Йонгбинг ерекше номері кезінде мұрнына резиналық шланг салып қойып соның көмегімен шинаны ауамен толтырған. Әзірге 63 жасар дарын иесі өзінің рекордын ресми түрде тіркеуге асығар емес.

Қарт рекордшы камераларды үру өнерімен үш жыл бұрын дәрігерлер оған әуе шарларын үруді әдетке айналдырудың қажеттілігін айтқаннан кейін осыдан айналыса бастапты. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, бұл жаттығу Йонгбингтің денсаулығына пайдасын тигізетін амалға айналуы тиіс болған. Ал ол болса бұл тапсырманы місе тұтпай, көп ұзамай автомобиль шиналарын үруге көшкен екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/96qvJ6Cl7Sk","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: scol.com.cn