Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауынан жергілікті балықшылар өте сирек кездесетін акула түрін тауып алды. Бұл жайында inform.kz National Geographic-ке сілтеме жасап хабарлады.
Бұл акуланың дене тұрқы соңғы 80 млн. жыл бұрынғы қалпынан еш өзгермеген. Яғни, ғалымдардың айтуынша, осыдан 80 млн-дай жыл бұрын осы жыртқыш балық пайда болған.
Қошқыл әрі қоңыр түсті акуланың дене тұрқы жыландікіне ұқсас болып келеді әрі тістері ұсақ болғанымен аса үшкір келеді. Акуланың ұзындығы екі метрге дейін жетуі мүмкін. Балықшылардың ауына түсіп қалған акуланың ұзындығы да осындай.
Австралияның оңтүстік-шығыс балық аулау қауымдастығының атқарушы директоры Саймон Боугтың өзі мұндай олжаға таңғалғанын жасырмады: «Мына балық өзге уақыт өлшемінен келгендей көрінеді. Расымен де, оған 80 млн жыл болған шығар. Оны балаларыма ұйықтар алдында көрсетпес едім»,- деді ол тілшілерге.
сурет: inform.kz