Аустралиялық-ұлыбританиялық Rio Tinto концернінің қызметкерлері сирек кездесетін күлгін түсті гауһар тас тапты. Асыл тас Батыс Аустралияда Аргайл шахтасынан табылды. Атап өту керек, әлемдегі барлық күлгін түсті гауһар тастардың 90%-ы сол жерде өндіріледі.
Салмағы 2,83 каратты құрайтын «күлгін Аргайл» деп аталатын гауһар тас Argyle pink diamonds компаниясының жыл сайынғы саудасында негізгі зат болмақ. Сатып алушылар оның бір каратына бірден екі миллион долларға дейін ақша ұсынады деп болжанған.
Дереккөз: inform.kz