- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Аустралияда өмір бойы...
Аустралияда өмір бойы пингвиндерді қорғап келген ит өлді
Аустралия халқының сүйіктісіне айналған төбет Оддболл (Oddball) 16 жасында өлді. Ол өмір бойы Виктория штатындағы Мидл Айланд аралының жағалауында пингвиндерді түлкілер мен басқа да жыртқыштардан қорғап келген, - деп хабарлайды ABC.
Иттің қожайыны Аллан Марштың айтуынша, егер оның жасын адамдармен салыстыратын болса, Оддболл шамамен 105 жаста болған. Оддболл пингвиндерді құтқару мақсатында жергілікті билік ұйымдастырған бірінші сынақ бағдарламаға қатысқан төбет болып есептеледі.
"Ол өзіне тапсырылған тапсырманы толығымен орындап шықты", - дейді Марш.
Австралия тұрғынының айтуынша, өзінің сүйікті итінің орнына басқа да төбеттер келеді, алайда ол басқа иттерді Оддболл секілді жақсы көріп кету мүмкін емес екенін айтады.
Айта кетейік, 2015 жылы бұл ит туралы фильм ("Оддболл") де жарыққа шыққан болатын.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
О. Сансызбай