- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Аустралия елі туралы...
Аустралия елі туралы қызықты деректер
1. Аустралия елінің азаматы заң бойынша сайлауда міндетті түрде өз даусын үміткердің біріне беруі қажет. Егер дауыс берушінің не себептен дауыс бермегені туралы нақты дәлелі болмаса, ол белгілі бір мөлшерде айыппұл төлейді.
2. Аустралия үйлері суық өткізгіш келеді. Қыс мезгілінде ауа райы температурасы +15 градустан төмендеген кезде үйлері біршама суыта түседі. Сол себепті жергілікті климатқа ыңғайластырылған «угги» аяқ киімі пайда болған. Аустралиялықтар уггиді үй жағдайында да киіп жүреді.
3. Аустралия – бір құрлықты тұтасымен қамтып жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет.
4. Аустралиялықтар — ешқашан шайға ақша (шайпұл) тастамайтын халық.
5. Аустралиялықтар ағылшындарға туыс ұлт болып есептеледі. Олар ағылшындарды «pome», яғни «Prisoners of Mother England» деп атайды. Ол «Англия анасының тұтқындары» деген мағына береді.
6. Аустралия астанасы Канберра Сидней мен Мельбурн қалаларының мәміле нәтижесінде пайда болған. Үкімет басшылары осы екі қаланың қайсысын астана етіп қоятындығын шеше алмағандықтан, астананы екі қаланың ортасына орналастырған.
7. Кенгуру етін Аустралия әмбебап дүкендері мен мейрамханаларынан оңай табуға болады. Бұл біздегі сиыр мен қой еті секілді қол жетімді.
8. Әлемдегі ең улы жылан осы құрлықта өмір сүреді. Тайпан жыланының бір шаққанда 100 адамды о дүниеге аттандырып жіберетін қауқары бар.
9. Аустралияда эмигранттар өте көп көлемде тұрақтаған. Статистика бойынша әрбір 4-ші адам шетелде туылғанға ұқсайды.
10. Футбол тарихындағы ең ғаламат жеңіс – Аустралия футбол құрамасына тиесілі. Құрама 2001 жылы Самоа командасын 31:0 есебімен ойсырата жеңген.
11. Әлемдегі ең түзу, ешқандай бұрылысы жоқ жол – Наалларбор жазық даласында. Оның ұзындығы – 146 шақырым.
12. Аустралиялықтар құмар ойынға жақын халық. Статистикаға сәйкес, олардың 80%-дан көбі анда-санда болса да өмірінде ойынды ақшаға ойнап көрген.
13. Тасмания табиғаты әлдемдегі ең таза ауа болып есептеледі.
14. Алғашқы кездері Аустралия жерін қамауға алынған тұтқындар келіп қоныстанғанына қарамастан, мемлекеттің жергілікті тұрғындары тәртіпке жақсы бағынады.
15. Аустралия халқының 60%-ы Аделаид, Брисбен, Сидней, Мельбурн және Перт қалаларында тұрады.
Н. Нұрмаханұлы