- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Аустралия – экзотикалық...
Аустралия – экзотикалық мекен
Аустралия бір құрлықты бір өзі алып жатқан ел екені бәрімізге мәлім. Алайда, онда барлығы керісінше екенін біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, Аустралияға жаз бізге қыс түскен кезде келеді, ай дискісі теріс жағымен қарайды, күннің өзі кері бағытта қозғалады. Оны қойыңызшы, бұл елдің солтүстігі жылы, ал оңтүстігі суық екен.
Аустралия — контрасты ел. Адам қолы тимеген табиғаты мен сұлулығына көз тоймайтын пейзаждары, тап-таза лагуна мен тірі жан көрінбейтін жағажайлары, жабайы жануарлармен көп жылдық көршісіндей тату өмір сүріп жатқан адамдар, иісі бұрқырыған, дәмі тіл үйіретін жас тұйеқұстың қуырылған еті…
Нағыз экзотика дерсің!
Айта берсек, тамырын Табиғат-Ананың қойнауынан үзбеген таңғажайып мемлекеттің қызықтары көп-ақ. Оны оқығанға қарағанда видео материалдан көріңіздер!
А. Оралқызы