Аттракцион қорқынышы

Колорадо көлінен 400 метр биіктікте жатқан жартас ұшындағы маятник сағатына 50 миль жылдамдықпен төрт жолаушыны алып ұшуға қауқарлы.

Колорадо штатындағы Гленвуд-Спрингс кішкене қалашығы отбасылы жандардың демалысына таптырмайтын жер. 2011 жылы аталған өңір "Американың ең думанды қаласы" атағына ұсынылып, сол тұстан бастап америкалық ең биік төбешік пен осы бір "жан тербетер" маятникке жұрт ағыла бастаған.

Темір "құбыжықтағы" қорқыныш пен үрей құшағындағы жолаушы тілін тартып алатын көрінеді. Тіпті, аталған орталықтың қожайыны Стив Берклидің өзі де бір мәрте ғана тәуекел жасап көруге бекініпті. 

Айтпақшы, жасыңыз қаншада?..

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/IRlBd47WA38","width":"450","height":"240"});

сурет:www.liveinternet.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек