Тарихта мыңдаған мемлекет пайда болып, жер бетінен жойылып кетіп отырды. Әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттер атауын да өзгертті. Бірі өзге мемлекеттермен біріккенде, енді бірі тәуелсіздігін алғанда тарихи атауын алды. Сонымен, сіз білмейтін атауын өзгерткен 10 мемлекет.
1. Абиссиния/Эфиопия
"Қара құрлықта" орналасқан бұл мемлекет атауын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзгерткен. Жергілікті ғалымдар "Эфиопия" тарихи атау екенін, "Абиссиния" деп арабтар атағанын алға жылжытқан. Осылайша, бір мезетте Абиссиния Эфиопияға айналып шыға келді.
2. Цейлон/Шри-Ланка
Шри-Ланка атауын бірнеше мәрте өзгерткен. Мысалы, 1815-1948 жылдар аралығында Ұлыбританияның қысымымен Цейлон деп аталса, артынша Доминион Цейлонға ауысты. Тек 1972 жылы тәуелсіздігін алған сәтте жаңа құрылған мемлекетке маркшіл Ланка Сама Самаджа Парти Шри-Ланка атауын берді.
3. Жаңа Гранада/Колумбия
1821 жылы испандықтарға қарсы көтерілістен соң Жаңа Гранада мемлекеті өмір сүруін тоқтатып, Ұлы Колумбияның құрамына енді. Бұдан кейін қазіргі Колумбия атауын бірнеше мәрте өзгертті. Ұлы Колумбия елі құлаған соң 1831-1858 жылдары Жаңа Гранада Республикасы деп аталды. 1858 жылы Гранада конфедерациясы құрылды. Бес жыл өткеннен соң Колумбия Құрама Штаттары болды. Қазіргі атауын тек 1886 жылы алды.
4. Сиам/Тайланд
Сиам Үнді-Қытайда түбегіндегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болған. Алайда 1932 жылдан бастап бұл елде бірнеше рет мемлекеттік төңкерістер болды. 1939 жылы үшінші мемлекеттік хатшы Плек Пибунсонграм мемлекетті ресми Тайланд деп жариялады.
5. Парсы/Иран
Бұл елдің тұрғындары бұрыннан өздерін ирандықтар деп санаған, алайда өзге мемлекеттер Парсы деген атау берген. 1935 жылы шах Реза басқа мемлекеттерден өздерін Иран деп атауын талап етті.
6. Жоғарғы Вольта/Буркина-Фасо
Жоғарғы Вольта атауын француз әскері берген. Сол себепті президент Томас Санкараның бұйрығымен 1984 жылы Буркина-Фасо деп өзгертті.
7. Бирма/Мьянма
Мьянма 1989 жылға дейін Бирма Одағы социалистік Республикасы, қысқаша Бирма деп аталып жүрді. Алайда бұл ат ел арасында қолдау ие бола алмады. 1989 жылы көптеген жер-су атауларын өзгерді. Артынша мемлекеттік атауы ресми Мьянма болды.
8. Месопотамия/Ирак
Кезінде Александр Македонский әскери-әкімдік орталығын Месопотамия деп атап кеткен. Содан бері Иракты өзге елдер Төменгі Месопотамия ретінде қабылдады. Тек 1921 жылы ресми атауын Месопотамиядан Иракка ауыстырды.
9. Кампучия/Камбоджа
Азияның оңтүстік шығысында орналасқан бұл ел атауын 5 мәрте ауыстырған екен. Алғашқыда Камбоджа корольдігі (1953-1970), одан кейін Кхмер Республикасы (1970-1975) деп аталды. Коммунистердің қысымымен 4 жыл бойы Демократиялық Кампучияға атауын өзгертуге мәжбүр болды. 1983-1993 жылдары Халықтық Кампучия Республикасы деген атау алса, соңғы 26 жылда Камбоджа Корольдігі атауын қайтарды.
10. Шығыс Пәкістан/Бангладеш
1947 жылы Бенгалия бөлінген сәтте Шығыс Пәкістан мемлекеті құрылды. Жаңадан пайда болған ел Пәкістанның құрамында болды. 1956 жылы Шығыс Пәкістан атауын алды. Ал арада 15 жыл салып Бангладеш мемлекеті атанды.
Жуырда депутат Азат Перуашев елімізді Қазақ Республикасы деп атау туралы ұсыныс тастаған болатын. Ал сіз қалай ойлайсыз?