- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ата-анасына сыйлық ретінде...
Ата-анасына сыйлық ретінде несиесін жауып берген жігіт (видео)
«Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» сөзі рас айтылған. Мойындау керек, сіз бен біз басымызға күн туғанда, үйге қарай зымырай жөнелеміз. Сонда алдымыздан жанашыр әке-шешеміз шығып, қандай жағдай болмасын, үнемі қасымыздан табылады. Қолдан келген көмегін аямайды. Ал кей сәттері ата-анамыз дәрменсіздік танытып жатады. Сондай сәттері біз әке-шешеміздің қас-қағым сәтте қартайып, егде жасқа келгенін байқаймыз. Осындай кездердің бірінде баласы ата-анасына қол ұшын берсе, ата-ана еңбегінің зая кетпегені.
Джо Рикелм Нью-Йорк қаласында веб-әзірлеуші болып жұмыс істейді. Ол Рождество мейрамы қарсаңында әке-шешесінің несиесін төлеп, үлкен ілтипатқа ие болған.
Сурет:www.youtube.com
Оқи отырыңыз:
Қаламмен трюк жасай аласыз ба?
Гиннесс рекордтар кітабына кірген видео-ролик
Н. Нұрмаханұлы