Ауыл баласының қауіпті әрі қызықты істерінің бірі - асау үйрету. Әрбір қазақ баласы балалық шағында, жігіттік кезеңінде, әйтеуір, өмірінде кем дегенде, 1 рет асау үйретуі керек. Ауыздықпен алысқан асаудың үстіне жайдақтай мініп, қан сорпасын шығарып жуасыту - қазақ жігітінің ермегі. "Мінсең көлік, ішсең сүт, жесең ет" дейтін қазақ асау үйретуді де қашан да қазынасы санаған. Солтүстік Америкада да осыған ұқсас "Родео" деп аталатын спорт түрі бар. Мына бейнебаянды тамашалап, бағасын өздеріңіз беріңіздер...
Сурет: supercoolpics.com