- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Асурлар өркениеті жайлы...
Асурлар өркениеті жайлы не білеміз?
Америкалық үндістердің, африкалық және аустралиялық халықтардың аңыздарында, Ригведеде, "Пурандарда" (ежелгі арийлердің жазба ескерткіштері) бастапқыда жерде жартылай құдайлар "асурлар" (ежелгі иран жазбаларында "ахурлар", герман-скандинав тілдерінде "астар", грек мифологиясы бойынша "титандар") өмір сүргендігі айтылады. Олар кімдер және өркениеті жайлы не білеміз?
Асурлармен бір мезгілде атланттардың өзгеріске ұшыраған жекелеген халықтарын бағындырған маймылдар да тіршілік еткен. Тек солтүстік-америкалық үндістердің аңыздарында ғана емес, арийлықтарды Үндістанға алып келген. Цейлонды жаулап алған кезде маймылдарды әскері ретінде пайдаланған ұлы әулие Рама туралы баяндайтын ведалық деректерде де осылай айтылады. Атланттар өркениеті жойылған кезде алыптар өркениеті пайда болған. Оны борейлер өркениеті деп те атайды. Себебі грек тарихшысы Геродоттың мәліметтеріне қарағанда, олар өздерін осылай атаған.
Бүгінде "асулар" (жер тұрғындары) атауының "құдайлар" мағынасын білдіретін сура деген ежелгі санскриттік сөзден шыққандығы анықталып отыр. Ведаларда оларды "майя" аталатын сиқырлы күшке ие жартылай "құдайлар" деп те атайды.
Ежелгі биосферада адамдар ірі болған. Сондықтан да бүгінде алыптар туралы аңыздар барлық халықта кездеседі. Бізге жеткен жазба деректердің бәрінде олар жайлы жиі айтылады.
Асурлардың қазіргі кездегідей атмосферада өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені олар өз салмақтарын көтере алмас еді деп санайды физик ғалымдар. Мұндай пікір күмәнді болғанымен де, адам денесінің гониометриясымен алғанда, бойы 50 метр адамның салмағы 30 тонна, иықтары 12 метр болуға тиіс.
Қазіргі заманғы адам өзінің салмағының жартысындай жүкті оп-оңай көтере алады. Асурлар да сондай болған. Мысалға, Англиядағы Стоунхендж секілді ірі құрылыстарды салу үшін адамдарға көмектескен дейтіндер де бар. Жер бетінде сақталған бірқатар циклоптық құрылыстар бізге соларды тұрғызған құрылысшылардың қандай болғандығынан хабар бергендей. Бұған байланысты Е.П. Блаватская "Жүз қырық колоннасы бар "Карнак" гипостил сарайындағы көптеген дәліздердің біріне Париждегі Құдай ана соборы еркін сыйып кетер еді және төбесіне тірелмей, залдың ортасындағы шағын сәулет үлгісіндей-ақ болып көрінер еді" деп жазады.
Асурлар өркениеті шамамен 5-10 миллион жыл өмір сүрген, яғни 100-200 ұрпақ ауысқан. Мұндай жалғастықты ұзақ өмір сүретін адамдардың "прогрессивті" өзгерістерге бейім еместігімен түсіндіруге болады. Олардың өркениетінің адам қызығатындай тұрақты әрі жасампаз болғандығы сондықтан да.
Егер асурлар 50-100 мың жыл өмір сүрсе, олардың өркениеті шамамен 100 миллиардтай адамға жетер еді. Бірақ Е.П. Блаватская "Пурандарға" сілтеме жасай отырып, олар небәрі 33 миллион болған деседі. Асурлар жойылғаннан кейін олардан бірнеше ондаған мың ғана қалған. Олай болса, олардың қалалары қайда орналасқан.
Ведалық деректерге қарағанда асурлардың аспанда үш қаласы болған: алтын, күміс және темір. Ал қалған қалалары жердің астында орналасқан. Сол себепті жер бетінде бұл өркениеттің ізі қалмаған көрінеді. Олардың бүкіл өмірі аспандағы қалаларда, не жер астында өткен.
Биосферадағы көптеген өсімдіктердің жойылуы кейіннен асурлардың ұрпақтарын етпен азықтануға мәжбүр еткен. Мұның соңы атланттар өркениеті тұсында канибализмнің белең алуына әкеліп соққан. Адам жегіш алыптар туралы аңыздар да осыдан шыққан.
Н. Үсенова