- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Астрофизиктер ғаламның қашан...
Астрофизиктер ғаламның қашан жойылатынын анықтады
Фото:
tn.kz
Астрофизиктер ғаламның жойылу уақытын анықтады. Ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижесін Гонолулуда өткен Халықаралық астрономдар одағының жиналысында баяндады. Ғылыми жұмыс Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Мәліметтерге сәйкес, соңғы 2,3 миллиард жылда жұлдыздардың жарқырауы екі есеге азайған. Астрономдардың айтуынша, 100 триллион жылдан кейін ғаламның соңғы жұлдыздары сөнеді.
© ICRAR / GAMA AND ESO
Соңғы жұлдыздар сөнгеннен кейін ғаламда тек нейтронды жұлдыздар, ақ және қоңыр жұлдыздар мен ең соңғы суық ғаламшар қалады. Осылайша квадриллион (1015) жылдан кейін ғаламшар мүлде болмайтын көрінеді.