Кейбіреулер тамағына аз ғана ащы ащы бұрыш қосып жіберсе тәбеті байланады. Ал, басқалар керісінше тәбетін ашу үшін бұрыш жейді. Әлемде қалампырды тамақ орнында жейтіндер де бар. Міне осындай санаттағы адамдар үшін Қытайдың Хунань қаласында ащы бұрыш жеу бойынша жарыс өткізілді. Ұйымдастырушылар жарысты өткізу үшін маусым айының ең ыстық күнін күтті. Жарыс шартында күн райы 40 градус ыстық, ауа ылғалдығы жоғары болуы керек болатын. Қатысушылар тоқтамайащы бұрыш жеуімен бірге, сол ащыға көміліп отыру шарты қойылды. Әрбір қатысушыға 50 дана ащы бұрыш беріліп, оны 60 секундта жеп бітіруі керек болған. Былтырғы жарыста 1 минутта 15 дана ащы бұрыш жеген адам ұтқан болса, биылғысы одан да асып түсіп берілген уақытта 50 дана ащы бұрышты түгел жеп қойған Тан Шуайхуэй есімді азамат жеңімпаз болып, 24 каратты алтын тиын иесі атанды.