Эрик Уилсонның аты, даңқ-дақпырты жабайы табиғат әлемінің талантты суретшісі ретінде танылуда. Майлы бояу мен жіңішке қылқаламның неше бір түрін қолданысқа енгізетін өнер иесі өнердің осы бір түріне 20 жылын арнап келген.
Эриктің қылқалам бедерінде Таиландтың барысы мен Оңтүстік Африканың арыстаны, Непалдың жолбарысы және Альбертенің қасқыры, Зимбабенің мүйізтұмсығы, Бурундидің шипанзесі, және де Арктиканың аюы көрініс тапқан.
Эрик Уилсон Шотландияда дүниеге келген. Бала жасынан табиғатқа ерекше құмартып, ерек талғаммен сурет әлеміне құштарлық танытқанға ұқсайды. 1967 жылы майлы бояуға деген еріксіз жетелеген сезім, ерке өнердің саласына ат басын бұрғызған.
Фотосуреткерлік жұмыстарға иек артпай, иен далада қабылетін ұшқырлықпен ұштастыра білетін Эриктің табан ізі түспеген флора мен фауна қалмаған шығар.
Эрик Уилсон азаматтық тұрғысында адамзаттың назарын табиғатқа аудартуда. Оның бір көрінісі ретінде, аталған суретшінің Үндістанда жолбарыстарды қорғауға, Африкадағы арыстандарды аман алып қалуға жасаған амал-әрекеттері айтылмақ...
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2phUhGGkJRM","width":"450","height":"240"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: darisa.ru