Біз бала күнімізде Аяз атаны асыға күтетін едік. Оның өмірде бар екеніне, біздің арман-тілектерімізді орындар сиқырлы құдіретіне сендік. Жаңа жыл жақындаса жанымыз қалмай дайыныққа кірісетінбіз. Тіпті бір кездерде қолға қағаз-қалам алып қиял көгіне сапар шегіміз. Керекті тізімді тізбелей жөнеліп, сұраған нәрсемізді сыйлар сиқырына күмән келтірмедік. Сол хатты әкемізге не анамызға беріп, Аяз атаға табыстауын өтінеміз. Біздің арман-тілек, өтініш-тапсырмаларымызды арқалаған кішкене хатты Аяз атадан бұрын ата-анамыз оқып алатынын қайдан білейік... Біздің хатта жазылған өтініштеріміз жаңа жыл кешінде жарқырай жолыққанда Аяз атаға деген адал сенімнің бекей түсері сөзсіз еді. Әр кәлләда бір қиял. Біздің ұғымдағы Аяз ата өзге елдерде әрқалай аталады. Америкалықтарда Санта Клаус, орыстарда Дед Мороз, ал, француздарда Пэр Ноэль. Атауы бөлек демесеңіз бәрінің де мақсаты, ниеті бір. Санта да, Пэр да, біздің Аяз ата да балалардың бір сәттік қуанышы, жүздеріндегі шаттық нұры, шынайы күлкісі үшін қызмет етеді.
Назарларыңызға түрлі бейнедегі "Аяз аталардың" суретін ұсынамыз. Әркімнің өз Аяз атасы бар...
Испанияның Мадрид қаласында 6000 Аяз ата "кіші марафон" ұйымдастырды.
Аяз ата сіз ойлағандай сақалына сүрінген кәрі шал емес.
Байкер Аяз ата біреулерге шырша алып барады.
Теңізші Валерий Кокоулиннің Аяз ата бейнесінде теңіз маусымын жабу сәті.
Су астындағы Аяз ата.
Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) Аяз ата пингвиндерге жаңажылдық костюм кигізуде.
Токиода (Жапония) Аяз ата терезе тазалаушы болып жұмыс істеуде.
Цюрих (Швейцария) қаласында мектеп оқушылары Аяз атаға тосын сый жасады. Балалар хоры жаңажылдық шыршаны өздері "безіндірді".
Альпинист Аяз ата.
Тайпей қаласында Аяз ата жүргізуші болып қызмет атқарады.
Кейбір елдің Аяз атасы рафтингті ұнатады екен.
Тіпті танкіні де...
Үндістандағы Калькутта қаласында Аяз ата аз қамтылған отбасылар мен балалардың құқы үшін күрес жүргізуде.
Керлинг ойнаған Аяз ата.
Бәлкім қазір Біріккен Араб Әмірлігіндегі Аяз ата ыстықтаған шығар.
Гонконгтегі Аяз ата балаларға қағаздан жасалған қар тарту етті. Сыйлық қағаздан жасалған болса да, шынайылығы қымбатырақ болды.
Филиппиндегі балалар Аяз атадан сыйлық ретінде тамақ пен су күтеді.
Аяз ата қай жерде де көңілді.
Сайып келгенде Аяз ата бар болғаны - қартайған сәби ғана.
Томск қаласындағы Аяз ата.
Египеттегі алты жасар қызға отбасына жәрдемдесу үшін Аяз ата кейпіне енуге тура келді.
Үнді Аяз аталары кішкентай Мария бикештің жанында.
Су шаңғысындағы Аяз ата.
Аяз ата зілзаладан зардап шеккен отбасына сыйлық алып барады.
Аяз ата, бұғы және ит.
Футболшы Аяз ата.
Швециядағы Аяз атаның қысқы ойыны.
Аяз ата сақалының жалған екенін балалар білсе...
Санкт-Петербургтағы Аяз аталар шеруі.
Сегіз айлық бульдог тұқымды күшік Аяз атаға сәлемдесуде.
Әуедегі Аяз ата.
Біз не десек те ол бәрібір жолға шықты...
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru