Аргентина ғалымдары 1845 жылы елге Ұлыбритания мен Франция әскерінің шабуылы кезінде суға кеткен шағын желкенді кемені тапты. «Республикано» деп аталған кеме Буэнос-Айрестегі Парана өзенінің түбінен табылған.
Айта кету керек, кемені толықтай су бетіне алып шығу мүмкін емес. Сол себепті ғалымдар зеңбірек немесе кеме діңгегін жағаға шығарып, музейге тапсыруды көздеп отыр.
Дереккөз: 24.kz