Жануарлар әлемімен бәріміз де таныс болғымыз келеді. Олардың әлемі қашан да қызық. Табиғат-ананың төл перзенттерінің қызықты қылықтары мен жұмбаққа толы сан алуан деректер қоры адам баласын еріксіз таңғалдырары сөзсіз. Ендеше, жан жануарлар әлеміне сапар шегіп көрелік!
1. Түйе өркешіне қарамастан, омартқасы тіке біткен жануар.
2. Теңіз жұлдызы өз қарнын теріс айналдыра алады.
3. Жарғанат – ұша алатын жалғыз сүтқоректі.
4. Көбелектерде асқазан болмайды.
5. Қолтырауындар тереңге сүңгу үшін іштеріне тас жұтып алады.
6. Көртышқан бір түнде ұзындығы 76 метрге жуық тyннель қазып шыға алады.
7. Керіктің босанған уақытында баласы бір жарым метр биіктіктен құлайды.
8. Шимпанзе – өзін айнадан тани алатын жалғыз жануар.
9. Орангyтангтар ашуларын алдын ала ескертеді.
10. Егер ұлу көзінен айырылса, айға жетпейтін аралықта көзі қайта пайда болады.
11. Әрбір ақ аю жылына 60 итбалық жейді. Ересек аю үлкен итбалықты бір отырыста жеп қоя алады.
12. Қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
13. Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11 400 рет қағады.
14. Шимпанзелер төбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп тұрады.
15. Әлемдегі ең тазалық сүйгіш жануар – құндыз. Ол бір күннің ішінде тері жамылғысын бірнеше мәрте ретке келтіріп отырады.