Аралға бай мемлекеттер

Әлемде тек аралдан тұратын мемлекеттер бар. Ал кейбір аралдарда адамдар тұрмаса да оларға таласатын елдер болады.  Біз төменде аралдарға бай елдер туралы баяндамақпыз.

Арал – жан-жағы сумен қоршалған жер. Ол су деңгейі қанша көтерілсе де, жоғалып кетпейді. Арал құрлықтардан көлемі бойынша ерекшеленеді. Мысалы, ең ірі арал Гренландия ең кіші құрлық саналатын Аустралиядан 3 есе кішкентай. Гренландия аралы (көлемі 2 130 800 км²) Даниядан (көлемі 43 094 км²) 50 есе үлкен болсада халқы 58 мың ғана.

Аралдарды мынадай түрлері бойынша ажыратады:

• Құрылықты (құрылықтан бөлініп тұрған); 
• Жанартаулық; 
• Маржанды; 
• Өзендік; 
• Жасанды аралдар. 

Қазақстан жерінде ең үлкен арал Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы еді. Оның көлемі теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) болған.

© edo-tokyo.livejournal.com

Жапониядағы аралдар саны – 6853 

Аралдардан тұратын Жапония 2990 шақырымды архипелагдан құралған. Олардың 430-ында адамдар тұрады. Ең ірі аралдар – Хонсю, Хоккайдо, Сикоку және Кюсю. Мыңдаған аралдары болсада жапондар көрші қытайлармен шекарадағы аралдар үшін таласып соғысып тұрады. Сонымен бірге Жапония мен Ресей арасындағы Курил аралдары үшін тартыс әлі бітпеген. 

©pikabu.ru

Филиппиндегі аралдар саны – 7107 

Бұл мемлекетті де аралдардан құралған деп айтуға болады. Аралдардың ішіндегі ең үлкені және халық көп тұратыны – Лусон. Ол жерде елдің ең үлкен мегаполисі Кесон қаласы бар. Табиғаты тартымды болғаны үшін Кесонға туристер ағылып келеді.

©svoiludi.ru

Аустралиядағы аралдар саны – 8222 

Аустралияда ежелден 8 мыңнан астам арал бар екендігі мәлім болған. Бірақ жақында олардың саны 8222 екендігі белгілі болды. Олардың 3747-сі елдің батысында, 1955-і Квинслендте, 1000-ы Тасманияда орналасқан. Аустралия аралдары өзінің жабайы табиғатымен танымал. 

©artcustoms.ru

Индонезиядағы аралдар саны – 17 508 

Индонезияны ресми түрде «Аралдар мемлекеті» деп атайды. Көлемі бойынша әлемде 14-орынды алатын ел бір-біріне жалғасып кететін аралдардан тұрады. Оның ішіндегі ең үлкені – Ява. Бұл жерде мемлекеттің астанасы Джакарта орналасқан. 

«Аралдар мемлкеті» деп аталуына және 17 мыңнан артық аралдары барлығына қарамай Индонезия әлемдегі жер көлемі жағынан алдыңғы ондыққа да кіре алмайды.

©pinterest.pt

Канададағы аралдар саны – 52 455 

Статистикаға сәйкес Канададағы аралдар саны 52 455-ке жетеді. Олардың ішіндегі ең үлкені – Баффин (көлемі 507 451 шаршы квадрат метр). 30 мыңнан артық аралдар Гудзон бұғазында орналасқан.

©destinationpremium.com

Норвегиядағы аралдар саны –55 000 

Бұл елдегі ең үлкен арал – Шпицберген. 55 мың деген ресми сан ғана. Әйтпесе Норвеегиядағы кішкентай аралдар бұдан да көп.

©severpost.ru

Финляндиядағы аралдар саны – 179 584 

Финляндиядағы 188 мыңға жуық аралдардың 455-інде адамдар тұрады. 700-ге жуығында құрлықпен байланыстыратын жол бар.

©.tpg.ua

Швециядағы аралдар саны – 221 800 

Швециялық эксперттер мемлекетте 221 800 арал бар екенін есептеп шыққан. Ол сонысымен әлемдегі ең көп аралдары бар мемлкет болып саналады. Тіпті ел астанасы Стокгольм қаласы 14 аралдан құралған. Көркі көз тартар әдемі қалада 50-ге тарта көпір бар. Ал мемлекеттегі Эланд аралы 5 мың жылдық тарихқа ие және ЮНЕСКО тізіміне енген ежелгі сарайларымен мақтана алады.