- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Араб әйелдері көлік...
Араб әйелдері көлік жүргізу құқығын алған бетте автоспортқа жол тартты
Сауд Арабиясының нәзік жанды тұрғындары 30 жыл бойы автокөлік рөлін басқару құқығы үшін күресіп келгені баршаға аян. Күні кеше ғана осы заң өз күшіне енді.
Осы тарихи сәт Асель Аль-Хамад есімді арудың Франциядағы "Формула-1" шеруі шеңберінде "Поль Рикар" трассасымен жүріп өтуімен барша әлемнің назарын өзіне аударды. Бұл шеру автоспорттағы "Формула-1" сынды аса беделді жарыстың Францияға қайта оралуы құрметіне ұйымдастырылды.
Жалпы, Сауд Арабиясы әйелдеріне көлік жүргізуге заңды түрде рұқсат берілуі айтарлықтай елеулі оқиға болды. Бірнеше белсенді осыған қол жеткізу мақсатында жасаған әрекеттері үшін түрмеге де қамалған. Дегенмен, мәселе оңтайлы шешімін тапты. Осыған орай, басылымдар арасында ғасырлық тарихы бар аса беделді Vogue журналы бір шығарылымының мұқабасына Сауд Арабиясы ханшайымы Хайфа бинт Абдалла Аль Саудтың қызыл кабриолетте отырған суретін орналастырған болатын.
А. Оралқызы