- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әр ұлттың адамдары...
Әр ұлттың адамдары біреудің жеке затына қалай қарайды?
«Әр ұлттың адамдары біреудің жеке затына қалай қарайды?» Міне, осы тақырыпта жақында ғана америкалық бір топ ғалымдар зерттеу жасап көрді. Дүниенің дүйім жұртшылығы жиналатын үлкен қалаларға (әр елдің) қызық іздеп барған зерттеушілер вокзалдың дәл ортасына шабадан қойып көрді де, оны ұзақ уақыт бойына аңдуға алды. Және иесіз қалған шабадан кімге қалай әсер етті деп ойлайсыз?
Стокгольм қаласында шабаданға ешкім тимеген.
Ал Лондонда шабаданды жарты сағаттан соң ұрлап кетіпті.
Парижде - жиырма минутта.
Римде - он минутта.
Токиода бес минут өткен соң шабадан сақтау орталығына тапсырылған.
Тель-Авивте үш минут өтер-өтпесте милиция қызметкерлері келіп, вокзалды тазартып, шабаданды арнайы көлікке салып, қала сыртына жаруға алып кеткен.
Мәскеуде нақты еш нәрсе орын алмаған. Керісінше, аңдып тұрған зерттеушінің сағаты ұрланған болып шықты.
Бағдадта шабаданды америкалықпен қоса алып кеткен көрінеді.
Әзербайжанда араға 3 минут салып барып, шабаданды өз иесіне сатуға тырысқан.
сурет: open.az
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига