Әр елдің салты басқа

Әр елдің салты басқа
Фото: business.salary.com

Әрбір отбасының, белгілі бір қоғамдық ортаның жылдар бойына тоқтаусыз процестердің нәтижесінде қалыптасқан өз заңы, ережесі бар. Бұл ереже тыйымдар белгілі бір қажеттіліктің негізінде туындайды. Назарларыңызға әлемде қолданыстағы қызықты тыйымдар тізімін ұсынамыз.

Австралияда әр жексенбі қоғамдық ортада қызғылт түсті шалбар киюге рұқсат жоқ. Мұндағылар «шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген ұғымды берік ұстанса керек, мысалы: электр шамдарының тозығы жеткенін алмастыру керек болса, бұл жұмыспен лицензиясы бар арнайы маман ғана айналысады. Өз бетімен жөндеуге кіріскендер айыппұл арқалауы мүмкін.                     

Англияда қала көшелерінде үй кілемдерінің шаңын қағып, жууға тыйым салынған. Мұндай тазалық жұмыстарымен айналысуға тек таңғы 8 ге дейін рұқсат етіледі. Сонымен қатар, таңғы 8 ден 22:00-ге дейін үй жануарларын көшеде алып жүруге болмайды. 

Үндістанның Керала штатында, 2016 жылдан бастап семіздікке ұрындыратын тағамдарды сатушылар арнайы салық төлейді. Биліктегілер белең алып бара жатқан семіздік ауруымен осылай күреспек. Салық мөлшері, гамбургер, пицца және өзге де ресторандарда сатылатын майлы тағамдар бағасының 14,5 пайызын құрайды.

Сингапурдағы қала көшелерінде сағыз шайнауға қатаң тыйым салынады. Үкімет бұл ережені 1992 жылы енгізген. Сағыз біріншіден адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді, екіншіден қоршаған ортаны ластайды.   

2008 жылы Италия үкіметі Венецияның орталық алаңдарында кептерлерді азықтандыруға тыйым салды. Басты себеп, қаладағы көп жылдық тарихи ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, кептерлер түрлі жұқпалы ауруларды тарататындығы белгілі. Ал, Венецияға жақын Эракле қаласында, жағажайларда құмнан жасалған қорғандар жасауға тыйым салынған. Себебі ол, қала тұрғындары мен қонақтарына жағажай маңында серуендеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Капри аралдарында ағаштан жасалған аяқ киім киюге болмайды.

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget