- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әр елде қарды...
Әр елде қарды түрлі әдіспен тазалайды
Жапония
Оперативті қар жинаудағы ең қиын тапсырма Жапонияның солтүстігі мен таулы аймақтарындағы коммуналдық қызметкерлердің алдында тұр. Бес метр биіктікті құрайтын омбы қар бұл аймақ үшін дағдылы жағдай. Қар кейде одан да биігірек болады. Омбы деген сөздің өзі бұл аймақтағы қардың қалыңдығын дәл бейнелей алмайды. Әр қыс сайын Жапонияның жартысына дерлік жерінде қалыңдығы 7-8 метр қар жауады.
Оларды бірден бірнеше қар тазалайтын көлік түрлерімен тазалайды. Алдымен қар қалыңдығын бұрғылы автомобиль өлшеп шығарады. Содан кейін жұмысқа экскаватор және қар тазалайтын ауыр көліктер араласып, ары қарай қарды бірнеше метр биіктікке лақтыратын аппараттар кіріседі.
Коммуналдық қызметкерлер қар басып қалған барлық аудандарды емес, тек трассаларды ғана тазалайды. Осылайша қар дәліздері пайда болады. Тап-тұйнақтай таза жолдың айналасы биік қар қабырғасымен қоршалып тұрады.
Айта кетелік, осы қар дәліздері туристік фирмалар үшін ақша табу көзіне айналып келе жатыр.
АҚШ
TowPlow
Американың Миссури штатында қар тазалаудың ең оңтайлы және тез, сапалы технологиясын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Осы технологияны Американың көптеген штаттары пайдаға асырып келеді.
Тіркемесі бар қар тазалайтын машина бір дегенде бірнеше жолды тазалай алады. Жүк машинасында екі шөміш: біріншісі алдында, ал екіншісі тіркеменің бүкіл ұзындығы бойынша орналасқан. Бұл машина TowPlow деп аталады.
Ал Айдахо штатындағы жағдай одан да зор. Америкалық SolarRoadways компаниясы штат әкімшілігінен жаңа жол төселімінен бөлек, көктайғақ мәселесін шешетін дүниені жасап шығуға келісім алған.
Solarroad
Егер барлығы ойдағыдай болса, жақын уақытта қаланың көшелеріне көпфункционалды күн панелдері орнатылады. Оның үсті жоғары қалыңдықты шынымен бекітілген. Аппарат күн шуақты болғанда сәуледен энергия алады. Бір ғана панелге қосылу арқылы күніне 7,6 киловат энергия алуға болады екен.
Сонымен қатар, панелдер ақпараттық кесте функцияларын да орындайтын болады және мұз бен қарды ерітетін де қасиеті бар.
Исландия
Исландия көшелері
Исландиядағы қардың тазалануы тіпті өзгеше. Бұл елде жолдар мен көшелердің астында үйлер мен офистерге табиғи жылу көздерінен ыстық су әкелетін мұржалар созылып жатыр.
Осы мұржалар су құбырлары жүйелерін, көше мен тротуарларды мұз басып қалуының алдын алады. Қар түскен бойда өз бетімен еріп кете береді. Демек Исландияда қар тазалау жоғары деңгейдегі экологиялық таза және табиғи жолмен жүзеге асады деген сөз.
Финляндия
Финляндияда қарды президент те тазалайды
Жаппай қар тазалау кезінде қар тазалаушы компаниялар жұмыстың жартысын тұрғындарға бөліп береді. Қысқа мерзімді оқыту курсынан кейін тұрғындар қолдарына құралдарын алып алаңдарды тазалауға шығады. Осылайша елде мекемелер мен жеке меншік үйлердің иелері ғимарат айналасындағы дүкендер мен тротуарларды өздері тазалап шығады.
Маңызды трассалар мен көшелерге финдер тұз сеуіп қояды. Ал қалған жерлерде қарды басып, престеп тастайды.
Қар тазалайтын көліктер 60-70 км/сағ жылдамдықпен қозғалып отырады.
Швеция
Швециядағы қар
Қар жауған кездегі Швецияның жағдайы ойдан шығарылғандай көрінуі мүмкін. Мысалы, осы жылы Стокгольмнің блогерлері мынадай қиындықтарды беріле талқылады: коммуналдық қызметшілер велосипед жүретін жолдарды жеткілікті етіп тазаламады, сондықтан кез келген ауданға жеңіл техникамен оперативті түрде жету мүмкін емес. Швеция әлемдегі өмір сүру деңгейі ең жоғары мемлекет екендігін ескерсек, бұл олар үшін қалыпты сын болып саналады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: travel.ru
Б. Қосмағамбет