- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Антарктикадағы мұз рекорд...
Антарктикадағы мұз рекорд жылдамдықта еріп жатыр
Фото:
basik.ru
Антарктикадағы мұз рекорд жылдамдықта еріп жатыр. Егер мұның алдын алмаса теңіз деңгейінің көтерілуі жағалау бойындағы қала мен адамдарға қауіп төндіруі мүмкін деп хабарлайды Guardian.
Антарктикадағы мұздың еру жылдамдығы соңғы бес жыл ішінде үш есеге өскен. Ғалымдардың мәліметіне қарағанда алдағы 10 жыл ішінде қандайда бір алдын алу іс-шарасы жүзеге асырылмаса мұз 2070 жылға барып теңіз деңгейін 3,5 метрге дейін өсіріп жібереді екен.
"Бұл біздің жағалау бойындағы қала мен қала адамдарына қауіп төндіреді деген сөз. Ендеше бұл жағдай үкіметтің алаңдаушылығын туғызуы керек", –дейді зерттеу жетекшісі Эндрю Шепард.
Т. Раушанұлы